Менің әлеуметтік желідегі достарым
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында Интернетте әлеуметтік желіде парақшасы жоқ адам жоқтың қасы шығар.
Менің де әлеуметтік желіде өз парақшам бар. Онда менің достарым көп, кейбіреулері тіпті алыс - жақын шетелде. Олармен шет тілін жетік меңгеру үшін хабарласып, сөйлесіп тұрамыз. Достарымыздың жаңалықтарын қазір осы әлеуметтік желілер арқылы біліп, көріп отырамыз.
Менің ойымша, әлеуметтік желіде бос уақыттың бәрін өткізбей, тек анда анда ғана кіріп тұру керек.
Отан отбасынан басталады
«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.