Мәтіндегі маңызды деректі анықта . Бір күннің ауа райы сан алуан болуы мүмкін . Ғаламшар климаттық аймақтарға бөлінген . Климат жағдайлары аймақтан аймаққа өткенде өзгеріп отырады . Аумақтық климат бізге қандай ауа райын күтуге болатынын айтады .
Менің аты-жөнім Жұмабай Әмина Жеңісқызы. Мен 9 жастамын. Ақтау қаласында тұрамын. Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.
Футбол Футбол-корермен саны ен коп ойын туры. Футбол оте кызыкты да тартысты ойын,арине ол ойынды тусинетин болса. Футбол шарттары катты киын емес. Ойынга 2 команда катысады, арбир команда да 11 ойыншыдан болады. Доп ортадан ойынга косылады. кай команда какпага допты коп тогытса сол команда женеди. футбол- менин ен суйкти ойыным. Мен Реал Мадрид клубынын жанкуйеримин. Ал менин ен суйкти ойыншым-Иско. Иска Испания улттык курамасынын жане реал мадрид командасынын жартылай коргаушысы. Онын ойыннын бир корсен тагы коргин келип турады. Онын техникасы маган катты унайды. Мен аркашан футболист болуды армандагам, бирак Казакстанда футболдын дамымауына байланысты мен ойымды озгерттим. Мен болашакта инимди немесе баламды Испанияга апарып арнайы футболга даярлагым келеди. Футбол-алемдеги уздик ойын. Футбол-бул менин суйкти ойыным. Футбол -бул омир. Футбол-бул барлыгы.