Бұрынғы заманда мыс өндіру қиынға соққан. Себебі олар оны өз қолдарымен балқытып жасаған. Ал қазіргі уақытта арнайы құралдар бар. Қазір мысты және басқа металдарда завоттарда өндіреді . Ал ерте заманда ондай мүмкіндік болған жоқ . Ал қазір бәрі жеңілдетілген.
Жәнеде бұрын арнайы қалып болмаған , ал қазіргі уақытта арнайы қалыпқа салып істейді . Бірақ мыс өндіру қауіпті жұмыс . Себебі ол жерде лаулаған оттар көп , одан күйіп қалу қауіпі бар. Сол үшінде бұл жұмыс сабырлық пен шыдамдылықты талап етеді.
Қозы көрпеш - Баян сұлу кесенесі.
Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары – 10 – 11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Мазар туралы алғаш жазған академик И.П. Фальк (1771). 19 ғасырдың 30-жылдары В.Федоров, 40-жылдары А.И. Шренк, Ш.Уәлиханов (1856), Н.А. Абрамов (1858), М.Путинцев (1863), Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетек. Ә.Марғұлан) зерттеген (1952).
Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан аудаы 7,107,10 метр, ішкі жағынан 3,383,38 метр), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген, биіктігі 11,65 метр Еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың нобайын 1771 жылы Г.Волошин, 1856 жылы Ш.Уәлиханов қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің бірі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық; ер адам – Қозы болса керек.
Қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. А.Н. Белослюдовтың мәліметіне қарағанда, екі тас мүсін Германияға әкетілген. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.
Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін.