Сөздерді орнына қойып, сөйлемдер құрастыр. рәміздерінің Мемлекеттік бірі. Елтаңба – Қазақстанның шаңырақ, уықтар, Елтаңбада қанатты тұлпарлар бейнеленген. теңгеде Елтаңба себебі Теңгені бейнеленген. баспа,
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
Біздің кітапхана бірінші қабатта. Онда орыс, қазақ, қырғыз және басқа тілдерде кітаптар өте көп. Мен күнде кітапхананың оқу залында боламын. Ол кешкі онға дейін жұмыс істейді. Онда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған. Іші таза, жылы. Біздің курстың студенттері кітапханаға, оқу залына жиі барады. Онда олар оқыған еңбектерінен конспекті жасайды, семинарға, теориялық әңгімеге дайындалады. Кітапханада түрлі газет- журналдар да бар. Онда өте мәдениетті, инабатты, өз істерін жақсы білетін қыздар жұмыс істейді. Олар кейде қазақтың көрнекті жазушыларының кітабын оқуға кеңес беріп түрады. Мен өзім қазақ жазушыларының Мұхтар Әуезовтің, Әбдіжәміл Нүрпейісовтің шығармаларымен көбірек таныспын. Қазақ халқының тарихын білгісі келетінге, оқушыларға "Абай", "Қан мен тер" эпопеяларын оқып шығуға кеңес берер едім. Кітапхана қызметкерлері әдеби шығармалардың көрмесін ұйымдастырып, оларды насихаттап тұрды.
Елтаңба Қазақстанның мемлекеттік рәміздер інің бірі.