М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Августина1511
Августина1511
03.07.2021 18:14 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. Рөлдік ойын (журналист пен түркітанушы ғалым). Көне түркі ескерткіші туралы түркітанушы ғалым рөліндегі оқушыдан сұхбат ал. Сұрақтарды
оқылым мәтіні бойынша дайында.
Үлгі:
Кім?
Құлпытастарға қашалып жазылған жазулар не жөнінде?
He?
Қашан?
Қайда?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
KatyaCat69
KatyaCat69
03.07.2021
Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай  тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады.  Рахмет, саған мейірімді адам.  
4,7(95 оценок)
Ответ:
plyushka1
plyushka1
03.07.2021

Дәрігер болғым келеді

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.  

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.  

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.  

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.  

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.  

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

4,5(93 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ