эссе:
Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі.Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты іс-шара Елбасымыздың тіл туралы саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Объяснение:
мақал:
1)Тіл - достықтың алтын көпірі.
2)Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
3)Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
4)Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
5)Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
6)Тіл ақылдың - өлшемі
7)Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және ШығысАзия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:
15 ғ-дың ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысыӘбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан,Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.
1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
Объяснение: