Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
Иісшіл - ит емес, Ұшады -құс емес.(Шыбын) Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге толады.(Көбелек) Тауда дарақ, екі бұтақ, Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.(Жыл, жаз, қыс) Қанаты бар, жаны жоқ , Табаны бар, аяғы жоқ . Өзі ұшады, аспанда жүреді , Теңізден де, таудан да өтеді.(ұшақ) Таптым-таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға.(Түйе) Өзі алып кемедей, Дауылдан ықпайды. Су шашып, Телегей Мұхиттан шықпайды.(Кит) Қызыл сиырды байлап салдым, Көк сиырды айдап салдым.(От,түтін) Таудан тоқым лақтырдым.(Бүркіт) Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала, Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа. Ішінде шығар жері қиын екен, Егер де қолға түссе болар пана.(Пұшпақ ішік) Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.(ҰршыҚ) Остроносый - не собака,Взлет не -құс.(Муха)Гуль взлет спускается цветку,Гуль заполняется мой сад цветку.(Бабочка)И на тауда, две ветви,Один цветок, один цветок.(Год, лето, зима)Пойди крыло, души нет,Пойди Табан, ноги нет .Сама взлетает, на небе ходит,Проходит и Тениз, и с горы.(самолет)Таптым-таптым, пре иноходец,Табан широкий бледный иноходец.(Толча)Сам как большой корабль,От бури ықпайды.Вода сыпала,ТелегейНе выходит из Мухита.(Кит)Я завязав красную корову положил,Я взмутил синюю корову.(Огонь, дым)Я бросил таудан потника.(Буркут)Одна вещь сам берет ворсовой пятнистый,Только что характер крепко вешать смотреть.Неслежавшийся овечий помет места, который выйдет в нем,Спускаться руке, которая и Пилит, кров, будет который.(Кромка шуба)Сила бело жүгіре-жүгіре был жеребым.(Веретенное)
БАҰ
КАЗГу
Басқасын білмей жатырмын білсем қосам жарайдыма