Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп.
“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады.Ағаштар бүршік жарып гүлдейді.” деген сарында басталатын.Одан бері талай көктем келді кетті.Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл.Қыс пен көктемнің алмасар уақыты.Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің.Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі.Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.Келесі бала ол жаз мезгілі. Биылғы көктем ерке көрінді маған.Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды.Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді.Бірақ сонысымен адамды баурайды.Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың. Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл.Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де а асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…