М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
st1rb1t
st1rb1t
04.05.2021 22:24 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма.Аяз би ертегісіндегі көріктеу,айшықтау(көркемдегіш) құралдарды,мақал-мәтелдерді,ауыспалы сөздерді тауып дәптеріңізге жазыңыз.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
liteops04
liteops04
04.05.2021
Етістік шағы нешеге бөлінеді?

А) 1                     В) 3                С) 2

Істің дағдылы түрде болып тұрғанын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіретін шақ түрі

А) өткен шақ                 В) осы шақ                  С) келер шақ

Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2               В) 3                      С) 4

Нақ осы шақ нені білдіреді?

А) іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұратынын білдіреді

В) іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді

С) қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді

Айнұр өлең оқып тұр.Етістіктің шағы

А) осы шақ               В)  келер шақ      С) өткен шақ

Ол сөйлейді. Осы шақтың қай түрі?

А) нақ осы шақ         В) ауыспалы осы шақ              С) нақ осы шақтың жалаң түрі

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын етістіктің шағы

А) осы шақ                 В) келер шақ                       С) өткен шақ

8.Келер шақ түрі

А) 3                           В) 2                            С) 1

9.Болжалды келер шақ дегеніміз не?

А) көсемшенің-а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы

В) іс-әрекеттің келешекте мақсат етілетіні айтылады

С) іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей айтады

Етістіктің түбіріне -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнағынан соң жіктелуі арқылы келер шақтың қай түрі жасалады?

А) ауыспалы келер шақ            В) мақсатты келер шақ         С) болжалды келер шақ

Қимылдың сөйлеп тұрған сәттен бұрын істеліп кеткенін білдіретін етістік шағы

А) осы шақ                В) келер шақ          С) өткен шақ

12.Мен оған осы ойымды айтқанмын. Шақ түрі

А) өткен шақ  В) осы шақ          С) келер шақ

13.Өткен шақ түрлері

А) 1                    В) 3                       С)2

14.Іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіретін өткен шақ түрі

А) бұрынғы өткен шақ         В) жедел өткен шақ         С)  ауыспалы өткен шақ

Мен бұл кітапты оқығанмын.

А) өткен шақ                       В)   осы шақ                 С) келер шақ

Бірде өткен шақ,бірде келер шақ мағынасында қолданылатын,есімшенің-атын,-етін,-итын,-итін өткен шақ түрі

А) ауыспалы өткен шақ             В) бұрынғы өткен шақ           С)  жедел өткен шақ

Ауыспалы осы шақ

А) жаңбыр жауды                       В) жаңбыр жауатын             С) жаңбыр жауды

18.Әпкем қаладан ертең келеді. Етістік қай шақта тұр?

А) ауыспалы өткен шақ               В) ауыспалы осы шақ               С) ауыспалы келер шақ

Мақсатты келер шақ жұрнағы

А) -мақ,-мек          В) -ған,ген           С) -атын,-етін

Нақ осы шақ

А) сөйлеп тұратын                        В) сөйлеп тұр                 С) сөйлеп тұрған
4,8(37 оценок)
Ответ:
makshardin17
makshardin17
04.05.2021

Берілген сөздердің мағыналары:

Боз көрпе - түннің таңмен астасқан кезі.

Шәйі - қазақша мата атауы (жібек матаға жатады).

Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі.

Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, Қазақтың қара өлеңі 11 буынды, бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасатын, әр жолы төрт буынды сөзге бітетін бір шумақтан тұрады.

Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады. Мұндай ой жеңіл әзіл-оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді. Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған. Оның үлгілері "Оғызнамада" (9 ғ.), Ж.Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.), М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түркінде" (11 ғ.), А.Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.) кездеседі.

Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қо болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейдi.

Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.

Күпі – қазақтың ертеден киіп келе жатқан киімдерінің бірі. Ол – ішіне қойдың, түйенің жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сыртына берік бір түсті матадан тігілетін жылы әрі қарапайым киім. Күпі жеңіл әрі ыңғайлы болады. Қажетті бұйымдар мен тігілуі оңай болғандықтан, мұны бұрынғы қазақтардың бәрі де киген. Киімнің бұл түрі көктем мен күзде киіледі.

Шекпен – тек қана түйе жүнінен тоқылатын жаздық сырт киім. Шекпендік матаны иіріп, оны өрмекпен тоқып, шапан үлгісіне пішеді. Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма жаға, тік жаға салады.

Шекпеннен су да, жел де өтпейді. Су тигенде түйе жүні ширығып, тығыздала түседі. Ол матадай емес, өте берік әрі жеңіл болады, тез тозбайды.

Ботаның немесе тайлақтың жүнінен тоқылған шекпен өте әдемі болады. Оны шидем шекпен, кей өңірде боз шекпен дейді. Жастар мұны сәндікке киген.

Қазақта шен-шекпен деген сөз бар. Оның мағынасы тереңде жатыр. Өткен ғасырларда қазақ елін отарлаған орыс жымысқылары елді, жерді бөліп, болыстар тағайындап, оларға шен тағайындап, белгі беріп, шекпен (шапан) кигізген. Осыдан барып шен-шекпен киген деген теріс ұғым пайда болған. Оған ұлы Абайдың «Мәз болады болысың, арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың шенді шекпен жапқанға» деген сөзі куә.

4,7(40 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ