добрые люди Определить стиль текста Ас беріп, бойлары үйреніскен сайын, шеше, жеңгелері баладан: – Елді сағындың ба, кімді сағындың? – Молда болдың ба? – Оқып болдың ба? - деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады. Абай өзге сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ кімді сағындың дегенде: – Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп өзінің кіші інісі, тентек Оспанды бірнеше рет сұрап еді. Ұлжан басында ол сұрауын елеусіз қалдырып, артынан тағы бір айналғанда: – Е-е, жүр-дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуміз қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады. Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара қып отырғанды көріп: – Не дейді?! Не деп жатырсыңдар, естімедім, - деп еді, Абай Оспан жайын айтып кеп, қатты сөйлеп: – Әже-ау, былтыр мұндай емес ең... Құлағыңа не болған, неге естімейсің? -деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жападан-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жантайды. Әжесі түсінді де, аз ғана босаңсып: – Балам-ай, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды? - деп, өзінің дағдылы мұңына қарай беттеп еді. Баласы қимады. – Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? - деді. Кәрі шеше күле отырып, баласының талабы қайтпасын дегендей қып: – Үшкірсе, кейде ашылып қалады. Үшкірген жағады, - деді. – Үшкірсе, мына балаң молда боп үйреніп келді ғой. Үшкірт балаңа, - деп, Айғыз күлді. – Үшкірсін, баласы үшкіріп берсін. – Сорлы кәрінің көңліне о да болса демеу ғой! – деді үйдегі үлкендер, әсіресе, жеңгелер Абайдан шын бірдемені тілеп дәметкендей. Ауызша, ауызекі стиль, әңгіме
Ауызша, ресми іс қағаздар стилі, әңгіме
Жазбаша, ауызекі стиль, романнан үзінді
Ауызша, көркем әдебиет стилі, роман