«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.
Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.