Жоғарыда берілген ақпараттарды пайдаланып, хронологиялық кесте құрыңдар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Түркістан 1396–1399 жылдары Әмір Те мірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи қабірінің басы на тұрғы зылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темірдің өзі қатысып, негізгі өл шем дер ді анықтаған көрінеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – Қожа Ахмет Ясауи құлпытасы. ХІХ ғасырдың соңына қарай кесене тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 жылы Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі мен «Әзі рет Сұлтан қорық-мұража йы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғи маратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 ж лы аяқталды. 2003 жылы маусым да Париж де өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында ке - сене дүние жүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді
Объяснение:
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.