ответ:Барлық ел болып біріксек,еліміздің көркеюіне көмек қолын созсақ,жаман істен бас тартып,жақсы іске қадам бассақ ,мәңгілік ел болуымыз сөзсіз!
Объяснение:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген,күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанды және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген.
Тарихымызды еске алып,ұмытпауымыз керек.
Ана тілімізді қадірлеу керек.