- 1922 ж б Казакстан облысы Орда ауданында дуниеге келген.
ата- анасы ерте кайтыс болып Мәншүкті Әмина Мәметова бауырына басады.Мәншүк Алматыды медициналык институтта окиды .1942 ж тамызда өз еркимен Кызыл армияға қосылады.Өз бөлімінде тандаулы пулеметші атағыны ие болган.Мәншүк дүниеден озған соң Кеңес Одагы Батыры атагана ие болады.
-1924 ж 20сәуірде дүниеге келді.өзине жакын адамдары кайтыс болганнан соң нагашысының колында өседі.1943ж Кызыл Армияга косылады.1943ж майданга алгаш рет катысады.
1944ж ефрейтор Әлия каза тапканнан кейін Кенес Одагынын батыры атагы беріліді.
Алматы каласында казак кыздарынын ескерткіші орнатылган.
Еліміздін әр жерінде көшелер мен мектептер бар.
Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.