Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – а үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), "Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген "Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз:
Д) Ма,ме (Ол кітабын берді ме?)й
2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.
Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.
Д) Жалғаулық. ( Жалғаулық шылау – сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырады ).
3. Септеулік шылауды анықтаңыз.
В) кейін. (Сабақтан /шығыс септігі/ кейін біздің үйге соқ)
4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.
А) Бірге. (Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім)
5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.
Д) Туралы. (Септеулік шылау)
6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан … көктем келеді.
В) Соң.
7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.
Д) –міс, -мыс.
8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.
С) Қарсылықты. (Оның ойлағаны болды,бірақ мәселе шешіле қоймады)
9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.
Қыста … күзде күн суық болады.
В) Және.
10. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.
В) Септеулік шылаулар. (Түске дейін,мектептен кейін)
11. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.
Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- … белгілі.
С) –ақ .
12. Ыңғаластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
С) Марат (пен) Қанат келді.
13. Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған сөзді көрсетіңіз.
В) Мал мен бас. (Мен – жалғаулық шылау)
14. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
Д) Жиналыстан кейін.
15. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
Е) Қарыз бен парыз. (Бен – жалғаулық шылау)
16. Шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
Д) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.
17. Барыс септікпен келген шылаулы сөйлемді анықтаңыз.
В) Қазақша жүзге дейін санайды.
18. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.
Алтынсары қадалған … , оның кескіні құбыла бастады.
Д) Сайын.
19. Себеп –салдар салаластың шылауларын табыңыз.
А) Өйткені, сондықтан, сол себепті.
20. Шылауды табыңыз.
Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (-ақ – демеулік шылау)
21. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
С) Сенейін(бе), сенбейін(бе).
22. «Дейін, шейін, таман» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз.
В) Септеулік.
23. Демеулік шылаулы тіркесті көрсетіңіз.
А)Жүйрік-ақ екен.
24. Шылау сөздер қатарын табыңыз.
С) Үшін, және, ғана, түгіл.
25. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.
А) Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.