ӨмірбаяныАтасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) -Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011,2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
Отбасы
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласындадүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі - Анасы - Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын