М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dirijabl
Dirijabl
15.05.2023 10:46 •  Қазақ тiлi

Казак адибиет 6 тапсырма 27 бет 6 сынып​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
vbrcb
vbrcb
15.05.2023
Мейрам күндері басталысымен Италияда-барлық үкіметтік мекемелер, дүкендер,банктер жабылып, көліктер демалыс күннің кестесімен жүреді.Италияда көптеген туристерді тартатын және жарқын,көңілді көріністерді ұнататын көп адамдар жинайтын карнавалдар жыл сайын өтеді.
Италияда жаңа жылды дәстүр  бойынша, шулы халық қыдыратын  көшеде қарсы алады.
           Мейрамды қарсыламастан бұрын-жаңажылдық дәстүр мен салт дәстүрлерді сақтау керек-Италияда олар өзгеше.Барлығына белгілі дәстүр-терезеден керек емес зат лақтырудан басқа,жаңа жыл түнінде ыдыс-аяқ сындыру дәстүрі- жыл бойынша жиналған барлық  өкпе-назды,жағымсыз күштерден арылтады деп есептеледі.
             Италияда жаңа жылда ас әзірлеу дәстүрінде -жаңа жылда  үстелде міндетті түрде жасымық болуы тиіс-неғұрлым көп болса,солғұрлым  келер жылбай және кіріспе болады.
             Кейбір өлкелерде міндетті түрде куранттар соғылып жатқанда 12 жүзім жеу керек деп есептеледі,алдағы келе жатқан 12 айды білдіретін жүзім сәттілік әкеледі-мыс.
          Римде кім жаңа түні Тибр өзеніндегі  көпірден секірсе,сол бақытты деп есептеледі.
      Неаполда жаңа жылда өте шулы және ұзақ фейерверктер атуды ұйымдастырады,қатты жарылған атылғыштар қатігез аруақтарды үркітеді-деп, Неаполдықтар сенеді.
         Италияндықтар өте ырымшыл,әсіресе үйлену кезінде.
        Италияндықтардың салтында мамыр айында үйленуге келіспейді,өйткені бұл айда,бір бақытсыз күн бар,бірақ ол қай күні! Сонымен қатар жұма күні үйленуге де құлықты емес,ол бірінші және екінші қүндер-нағыз үйлену тойына сәтті күндер.
          Жанұяда тез балалы болу үшін, той мәзірі өткен соң,жігіті келіншегіне бидай масағын силайды, енесімен қырғи-қабақ болмау үшін,келіні- жігітінің анасына зәйтүн бұтағын силайды.
             Міне,қызық! Қыздың гүл шоғын күйеуге шықпаған достарына лақтыру дәстүрі,осы-Италиядан бастау алған.
               Ең алғашқыда гүл шоғы-қуаныш және байлық,сөзсіз күйеуге шығуды бейнелеуші-апельсин гүлдерінен құралған.
4,4(37 оценок)
Ответ:
6561813
6561813
15.05.2023

Тіл дыбыстары дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар деп екіге бөлінеді.

Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы үннен жасалады.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл артқа тартылып, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар тіл ұшының ілгері созылуы арқылы жасалады.

Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.

Басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде жуан дауысты мен жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылмай, ауа қысылып шығады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуі арқылы жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

ЖАЗЫЛУЫ

АЙТЫЛУЫ

Құрық

Жүгері

Жұмыс

Көңіл

Көркем

Өнер

Орын

Құрұқ

Жүгөрү

Жұмұс

Көңүл

Көркөм

Өнөр

Орұн

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бөлінеді.

Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші, т.б. Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздер мен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР

ҚОС СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Куә

Дүдәмал

Күмән

Антоним

Лото

Мазмұн

Мағлұмат

Мәжбүр

Дәстүр

Әп-әдемі

Дәрі-дәрмек

Той-томалақ

Құл-құтан

Ат-көпір

Дүние-мүлік

Салт-дәстүр

Күндіз-түні

Күмбір-күмбір

Аягөз

Қараөткел

Орынбор

Көнетоз

Аққұтан

Айнагүл

Меңдіқұл

Жанбота

Келіссөз

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен, а дыбысы жазылады.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә

Жәмилә

Рәсуә

Жәйләу

Шәй

Кітәп

Рәзина

Жәмила

Рәсуа

Жайлау

Шай

Кітап

Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у=тоқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.

Соңғы буынында ы, і әріптері бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда, ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.

Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де, қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздер болып саналады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Жыйын

Қыйын

Тыйын

Ыйық

Кійім

Кійіт

Ійне

Жиын

Қиын

Тиын

Иық

Киім

Киіт

Ине

Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп аталады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.

4,5(99 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ