«Бақшада» шағын әңгіме.
Осы демалыста Алмагүл, Еркебұлан және Мейрамбек атасы мен әжесіне бақшада жұмыс жасап, піскен жеміс – жидектерді теруге көмектесті. Таңертең ерте тұрып, әжесінің ыстық бауырсақтарымен шай ішіп алып, балалар жұмысқа кірісіп кетті. Еркебұлан мен Мейрамбек баспалдаққа мініп, ағаштардың басындағы піскен алмаларды терсе, ал Алмагүл болса, оларды реттеп, әжесіне апаруда. Әжесі екеуі оларды тосап немесе сусын жасау үшін бөліп жатыр. Балалардың қасында кішкене Ақтөс те ойнап жүр. Осылайша балалардың демалысы қызықты, әрі пайдалы өтуде.
Объяснение:
1)Тіл адам ойының айнасы
2)Аңдамай сөйлеген ауырмай сөйлейді
3)Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
4)Тисе-терекке, тимесе бұтаққа
5)Айтылған сөз атылған оқпен тең
6)Бал тамған тілден у тамар
7)Көп сөз бос сөз
8)Көп сөз күміс, аз сөз алтын
9)Жасында қылжың болсаңөскенде мылжың боласың
10)Таза сөйлеу биік мәдениеттілік
11)Көңілсіз құлақ- ойға олақ