Тұмар(тамирис)(грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Сноубординг (ағылш. Snowboarding) — олимпиядалық спорт түрі. U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады Сноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады. Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу. Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды. Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі. Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады. Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады. Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт алады.