М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kataefimova
kataefimova
11.02.2022 16:00 •  Қазақ тiлi

Менің таңдаған мамандығым эссе

👇
Ответ:
matetskayamilan
matetskayamilan
11.02.2022

Менің бала кезімнен келе жатқан арманым журналист болу еді. Сол арманыма қол жеткізіп келе жатырмын десем,қателеспегенім. Осы мамандыққа баулыған адамдардың бірі, ол өзімнің қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен беретін ұстазым болды. Ол кісі әрдайым қол ұшын беріп, еңсемді ұстайтындай жылы сөздер айтатын.

Енді, міне, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің 3-курс білімгері болып отырмын.

Журналистикаға қызығушылығым былайша оянды: қоғамдағы басылым беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды қызыға оқып, теледидардан шебер сөйлейтін дикторшыларға қызыға қарайтынмын. Мектепті бітіретін кезде, мен өзіме: « Мен білікті,халықтың сөзін сөйлейтін журналист боламын!»,- деп серт бердім. Ойы озық, қаламы ұшқыр журналистер қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, сан қилы оқиғаларға куә болады. Бұл мамандық осы қырымен де қызықты болып көрінеді.

Құдай Бұйыртса, өзім таңдаған мамандығымды жақсы бітіріп, сол мамандықтың иесі болсам арманым жоқ болар еді. Дегенмен де, адамның арманы ешқашан таусылмайды ғой. Болашақта патриотқа, білімге, денсаулыққа, қоғамға байланысты мақалалар көп болады деген мақсат бар.

Тағы айта кетерлік жайт, ол « Жас журналистер» ұйымы тек қана университет қабырғасында емес, сонымен қатар мектеп қабырғасында жүргізілсе жақсы болар еді. Себебі, журналист боламын деген бала, мектеп қабырғасынан бастап, мақала жазуды үйренеді. Болашақ қаламгерлер жан-жақты ойлары өрби түседі.

Ең өкініштісі, ақиқат бар жерде, өтірікте жүреді. Мысалы, газетке мақала жазсаң,ақиқаты бар, ол мақаланы қиып тастайды. Өйткені, қазіргі таңдағы журналистер өкіметтен қорқады. Қорқатын себептері де бар, ақиқатты жазсаң, ертеңінде басын көшеде жатады. Қазіргі журналистер бұрынғы журналистерге жетпейді. Ол кездегі журналистер тайсалмайтын, бәріне төтем беретін журналистер болған. Тіпті, халық үшін жанын пида ету, оларға қорқыныш болған жоқ. Бұл жағдай тек қана ба зде ғана емес, сонымен қатар телевизияда да осы.

4,7(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fhjanvmendwr
fhjanvmendwr
11.02.2022

вопросы :

1 Абай өлеңдерінде не көрініс тапқан?

2 «Күз» және «Қыс» өлеңдерінде Абай нені суреттеді?

3 Абай қандай шебер поэзия жазды?

4 Абайдың қай өлеңі?

5 табиғат деген не?

6 Абай өзінің күнделікті өмірін өлеңдермен сипаттаған ба?

ответвы на них

1. адамдардың күнделікті өмірін, өмірін бейнелейді.

2. өмірдегі табиғаттың тылсым құбылыстары

3. Абай барлық 4 мезгілге арналған поэзияны шебер жазды

4. табиғат лирикасы

5. табиғат дегеніміз - адамдар жұмыс істейтін және өмір сүретін орта

6. иә, деп сипаттады

4,7(43 оценок)
Ответ:
1ПИНЧЕР1
1ПИНЧЕР1
11.02.2022

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

4,6(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ