Кенжебек: Мұратхан, сен көшпелілер жайлы ең бірінші кім жазғанын білесің бе?
Мұратхан: Ия, Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазғанын кітаптан оқыған болатынмын.
Кенжебек: Дұрыс айтасың. Мен үй тапсырмасын оқып отырып, көшпелілік тақырыбына қызығып, қосымша мәлімет іздей бастадым.
Мұратхан: Ия, тарих қашан да қызықты мәліметтерге толы болады ғой. Сонда тағы не білдің?
Кенжебек: Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары сипаттаған екен.
Мұратхан: Сонда, жалпы «көшпелілер» деген кім екен?
Кенжебек: Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.
Мұратхан: Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Сол туралы естуің бар ма?
Кенжебек: Ия, Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады.
Мұратхан: Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптаса бастады?
Кенжебек: Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған екен.
Менің кіші отаным Өмірде өз отанынан жақын нәрсе жоқ. Әр адамның өз отаны болады. біреулерінде-үлкен қалалар. Кейбіреулерінде - Кішкентай ауыл, бірақ барлығы отанын бірдей жақсы көреді. Мен үшін кіші отаным ол Өскемен қаласы. Мен КШТ жақта тұрамын бұл экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза жерлер болып есептеледі. Ол жер өте әсем және әдемі. Болашақта осы КШТ Өскеменнің орталығы болады. өскемен қаласындағы менің ең жақсы көретін жерлерімнің білі сол жақта орналасқан парк. Ол демалу үшін өте жақсы жер, зоопарк бар. Мен Өскемен қаласы таза және әдемі болуды қалаймын. Әсем келбет барлық адамдарда болсын.) Все)
Әке деген-биік шыңы адамның, Әке деген-тірегі ғой ғаламның. Әке деген-бойында аққан қаның да, Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да. Не десеңде әке жолы бір бөлек, Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Өмірдегі тірегім
Анам менің – аялаған ақ гүлім, Анам менің – бақытым мен шаттығым. “Анашым” – деп балаң жырын арнаған Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің – өмірдегі тірегім, Анам менің – кеудемдегі жүрегім, Егер менің қасымда сен болмасаң Бұл өмірде қалай ғана жүремін
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ, Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Көшпелілер туралы диалог.