1.Гендерлік айырмашылық қай кезден басталады?
Гендерлік айырмашылықтың алашқы белгілері бала жастан басталады.
2. Кішкентай балалар қандай ұғымдарды тез меңгереді?
Психолог-ғалымдардың пікіріне сүйенсек,балалар өздерінің ұл не қыз, әйел немесе ер адам деп айырып қарауға бейімделеді.3-4 жаста балалар «әке» мен «шеше» , «әйелі» мен «күйеуі» ұғымдарынан гөрі «апа», «аға» ұғымдарын тез меңгереді. Ойын кезінде қыз әйел адамның, ұл ер адамның рөлін таңдайды.
3.Есейген қыз баланы қалай атаған?
Есейген қызын ұзатылғанға дейін бойжеткен, ұзатылатын қыз,атастырылған қыз,қалыңдық деп әлеуметтік рөліне қарай атаған
4.Отау иесін қалай атаған?
Он бесте отау иесі саналған бозбаланы да жас жігіт, зіңгіттей жігіт,қылшылдаған жігіт,жігіт-желең, күйеу-жігіт,сақа жігіт деп атауы жігіттің физиологиялық толысуы ғана емес, гендерлік әлеуметтеуін де білдіреді.
1)ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген.
2)Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі осылардың барлығын рухани мәдениетке жатқызуға болады.
3)Көбінесе ауыз әдебиеті арқылы және ежелден келе жатқан ертегілермен аңыздар арқылы
Объяснение:
не понимаю
Объяснение:
где фото