М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AMeleschckina2
AMeleschckina2
10.04.2021 21:28 •  Қазақ тiлi

Қарты бар үйдің қазынасы бар эссе көмек керек

👇
Ответ:
kristinamoroz1
kristinamoroz1
10.04.2021

«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.

Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  тағы бір хадисінде: «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген. Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен қаламыздағы қарттар үйіндегі қамкөңіл қарияларымыз бен ақ жаулықты аналарымызға арналып ауызашар дастарханы жайылды.

Шарапатты істің шапағатын көріп жатқан қарттарымызға Алла үйінде жайылған дастарханда бас қосқан құрметті қонақтарға сый-құрмет көрсетілді.  Қарттарымыздың алды тоқсанның төріне шыққандар.  Қарияларымызды тағы бір қуантқан нәрсе, арнайы көлікпен алып келіп, ауыз ашар соңында жеткізіп салды.  Қазақ: «Төріңнен қарт кетпесін!», – деген ғибратты сөзін қашанда жадынан шығармағаны абзал.

4,6(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ivanochka02kasik
ivanochka02kasik
10.04.2021

Менде өте үлкен отбасы.Онда,әрине,бар ата-аналар-менің тамаша анам мен әкем,неге керемет ағасы. Барлық виесте біз сүйеміз саяхатқа үшін ашу. Ешкім болуы мүмкін бір-бірінсіз,өйткені біз отбасы,яғни,біртұтас.Менің айтқым келетіні,ана қажет бағалай әр секунд сайын,ешкім білмейді,қашан орнайды кезде олардың жоғалу.Менің отбасым мүмкін тамаша мысал үшін, семей,өйткені дау-бізде ешқашан болған емес және болуы мүмкін емес,өйткені біз бір-бірімізді. Мен өте қатты жақсы көремін, өз отбасын.

Перевод:

У меня большая семья. В ней,конечно же,есть родители-мои прекрасные мама и папа,а ещё у меня есть чудесный брат. Все мы любим отправляться в путешествие для того,чтобы открывать новое для себя. Никто из нас не может существовать отдельно,ведь мы семья,а значит,единое целое. Я хочу сказать,что родных нужно ценить,ведь никто не знает,когда наступит момент их исчезновения. Моя семья может быть отличным примером для других семей,ведь ссор у нас никогда не было и быть не может-мы понимаем друг друга с полуслова. Я очень люблю свою семью.


Подробнее - на -

4,8(75 оценок)
Ответ:
kurbanov2017p05b7v
kurbanov2017p05b7v
10.04.2021

Орфографиялық сөздік.

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.

§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді.

Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

Ескерту. Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттыңатауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық,шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға- беріс, қолайна,қолара т.б.

§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлекжазылады.

Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел.

§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады:

Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.

§ 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады.

Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу,жәрдем ету, шап ету, лап қою, мән беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.

§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады.

Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.

Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты, (-ті,ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады (олар сөздікте көрсетілді).

Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар),жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау- кеспе (ұры);

ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік,атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.

Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі (бұлар емле сөздіктерінде көрсетіледі);

б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады, мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз,дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық,алақол, алақолдық т.б.

Сөйлем құрастыру.

1. Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтті.

2. Жуырда Мәдениет Министрлігі осы жылы өткізілетін ауқымды мәдени іс – шаралар жоспарын белгілеген болатын.

3. Қазақ халқы қашанда қыз баланы «қонақ» деп қадірлеген.

4. Осы апта бойы аспанды ала бұлт торлап, күн жаңбырдан ашылмай қойды.

5. Біз - жиырма бірінші ғасырдың жастары болашақта бәсекеге барынша қабілетті болып, Қазақстанымыздың гүлденуіне өз септігімізді тигіземіз.

6. Менің ағам мың тоғыз жүз сенсен тоғызыншы жылы Отан алдындағы борышын бұрынғы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өтеген болатын.

7. Менің әпкем шетелдік компанияда қызмет етеді.

8. Концерт басталысымен, әнші сахнаға шыға бергенде көрермендер қол шапалақтап, ықыластарын білдірді.

9. Кішкене інім бөлмеде өзі ойнап отырып баж ете түсті.

10. Отбасылық жағдайларға байланысты Саят бұл ұсыныстан бас тартты.

4,4(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ