1. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркесі
D) Суық хабар
2. «Қысқа жіп күрмеуге келмейді» тұрақты тіркесінің мағынасы
D) Кедейлік
3. Үндестік заңының түрлері
E) 2
4. Түбірлес сөздер қатары
B) Ас, асыл
5. Жай шырай қатары
E) Ауыр, ұзын
6. Етістіктен болған туынды сын есім
D) Шыдамды
7. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сөйлем
C) Қандай қазақ ақын-жазушыларын білесің?
8. Есімдіктен жасалған бастауыш
C) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
9. Фразеологиялық тіркестің мағынасы
Төбе шашы тік тұру
C) Қорқу.
10. Үнді мен ұяң дауыссыздар қатар келген сөз
E) Даниярды.
11. Дыбыс үндестігінің түрлері
A) Тоғыспалы, ілгерінді, кейінді.
12. Салт етістікті нұсқа
D) Әкеммен әңгімелесу
13. «Жуынды» сөзінің етіс түрі
D) Өздік.
14. Нақыл сөздердегі антонимдер
E) Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы-жаман болса, бала - солардан.
15. Сөйлемдегі мезгіл үстеу.
A) Жаздыгүні оқушылар демалысқа шығады.
16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа.
D) – Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы
17. Мәтіндегі «жақсылардың жақсысы».
A) Ұршық, кітап.
18. Негізгі ой айтылған сөйлем.
E) Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады.
19. Мәтіннің негізгі идеясына қарама-қарсы мағынадағы мақал-мәтел
B) Жалқаулық – жаман ауру.
20. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы
E) Бойжеткен
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов, С.Е.Малов, қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи тұрғыдан зерттеді. И.В.Стеблева Орхон жазбаларын тұңғыш рет көркем туынды, поэзиялық шығарма ретінде қарастырса, оның қазақ әдебиетіне ықпалын алғаш рет М.Жолдасбеков ғылыми тұрғыдан негіздеді. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады. Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған:
оқиғаның басталуы;
оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;
осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.
«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы.