Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фəлəкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған.
Ал, Жүсіп Баласағұнның есімін əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы — «Құтадғу біліг» (Құтты білік») дастаны. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, əдебиеті мен мəдени дəрежесі, əдет-ғұрпы, наным-сенімі, тағы басқа жөнінде аса қызықты əрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды [1].
Кезінде кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алдырып оқитын болған. Бір қызығы, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берген [2; 86]:
1. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз
А) Тас жүрек
2. Бір-біріне антоним бола алмайтын сөздерді табыңыз
В) Әлсіз – жақын
3. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз
В) а, о, е
4. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз
С) Балаша
5. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз
В) Жолдастікі
6. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтынын анықтаңыз
Е) Қосымша
7. Түбір сөзді табыңыз
Е) Арман
8. – шы, - ші жұрнақтары арқылы қандай сөздер жасалатынын анықтаңыз
С) Мамандық атаулары
9. Сөзге дұрыс жалғауды қойыңыз; керует...
С) – те
10. Жалғаудың санын көрсетіңіз
С) 4
11. Жалпы зат есімді табыңыз
А) Орындық
12. – лер жалғауы қай сөзге дұрыс келетінін көрсетіңіз
А) Үй
13. Кім? Не? – қай септктің сұрақтары екенін белгілеңіз
С) Атау
14. Сын есімді табыңыз
Е) Көкшіл
15. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз
С) Екі мұғалім
16. Есімдік пен зат есімнен тіркескен сөз тіркесін табыңыз
D) Бұның кітабы
17. Негізгі етістікті көрсетіңіз
D) Өс
18. Сұраулық шылауды көрсетіңіз
D) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?
19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз
А) 3
20. Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз
Е) Пысықтауыш
21. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз
D) Сұраулы
22. Дара толықтауышты көрсетіңіз
Е) Анасын
23. Жайылма сөйлемді табыңыз
А) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.
24. Құрмалас сөйлемді табыңыз
D) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.
25. Қыстырма сөзді табыңыз
В) Бәлкім
26. Көп нүктенің орнына болымсыздық есімдігін қойыңыз. Бұл жерде ... сырымды білмейді, айтып не етейін.
А) ешкім
27. Қазақстан Республикасының Елордасы - ... толықтырыңыз
Е) Астана
28. Қазақстан шығыста қай елмен шектесетінін белгілеңіз
В)Қытаймен
29. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсетіңіз
D) Жаңа жыл мейрамы
30. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қаланы анықтаңыз
С) Түркістан
Ел тәуелсіздігінің маңызды нашаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден ерек даралығын анықтайтын белгісі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады» [1, 6].
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп жатыр. Әрбір ұлт өкілдері өз тілдерін, салт-дәстүрін сақтап қалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оны елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та атап өткен болатын: «Біз көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24].
Әр тәуелсіз мемлекеттің ерекше белгілері болады. Олар: елтаңбасы, әнұраны, туы және тілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Контитуцияның 7-бабында тілдер туралы айтылады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Байқап отырсақ, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне берілгенімен, орыс тілі тең дәрежеде деп есептелді. Соңғы жылдарға дейін қолданыстағы тілдерге келгенде оның басымдылығы байқалуда. Мемлекеттік мекемелерде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да іс-қағаздар орыс тілінде жүргізілгені белгілі. Қазір де орыс тілінде іс жүргізіп жүрген мемлекеттік мекемелер бар.
Орыс тілі көптеген жылдар бойы мемлекеттік тілмен салыстырғанда басым қолданыста жүріп келді. Халықтың 90% орыс тілін жетік меңгерген. Қазақ тілінің жайы өзгеше. Ол тек қағаз жүзінде жүргізілді. Қолданыстағы жағдайы нашар. Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі – «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:
«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.
Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.
Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.
Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз»[3, 7].
Елбасымыз өз жолдауларында нақты мақсаттар қойды. Ол мемлекетік тілдің қызметінің артуына баса назар аударып, 2025 жылы қазақ тілін білетін жалпы халықтың көрсеткіші 95% құрауы керектігін айтады:
«Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын салауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.
2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналды. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі» [2, 5].
Тілдер гармониясы. Тілдер гармониясы дегеніміз – тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі. Бұл көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз етеді. Дүниенің сұлулығы, табиғаттың кереметі – ондағы сан алуан түстердің гармониясы болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше»[1, 6].
«Үштілділік» бағдарламасының негізінде
қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілідерін
меңгеру көзделуде.
Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.