2-тапсырма. Берілген мәтіннің бірінші абзацындағы айтылу кезінде ерін үндестігіне ұшырап тұрған сөздерді орфоэпиялық норма(айтылуы) бойынша жазыңыз А) Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі. Ерін үндестігіне бағынып тұрған сөздер
Берілген сөздердің антонимдері:
өткір – дөкір/өтпес (ауыспалы мағынада «өткір» болса, антонимі: жасық болады);
айбынды-қорқақ;
батыр – сужүрек;
күшті - әлсіз;
қос - бөлек/біреу;
солғын – балғын;
бірлік – алауыздық.
Берілген сөздердің синонимдері:
Өткір – үшкір (ауыспалы мағынада болса, батыл, бетті, жүректі, өжет, өр, өтті, тәуекелшіл);
Айбынды – айбарлы, айбатты, айдынды;
Батыр - ер, қаһарман;
Күшті - әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;
Қос - екі, жұп; сыңар;
Солғын - бәсең, көмескі, нәзік;
Бірлік - ауызбіршілік, бүтіндік, ұжым, ұйымшылдық, ынтымақ.