М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kristinakwai
kristinakwai
08.02.2020 10:30 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдердің дұрыс (+)/дұрыс емес (-) екенін белгіле. [3]

Мен және менің достарым
Сәлем, достар! Менің атым – Ержан, фамилиям – Досанов. Мен Алматыда туғанмын, бірақ қазір Астанада тұрамын. Себебі менің ата-анам Астанада жұмыс істейді. Маған Астана қаласы ұнайды. Мен өте жақсы мектепте оқимын. Мектепте менің достарым көп. Олар ақылды, білімді және көңілді балалар. Біз бірге сабақ оқимыз, демаламыз. Біздің демалыс күніміз өте қызықты өтеді.
Қазір біз кітапханада отырмыз. Бүгін біз 1-сынып оқушыларына көмектесеміз. Менің қасымда екі оқушы отыр. Мен оларға ертегі оқып отырмын, олар мені тыңдап отыр. Бірінші бала өте жақсы түсінеді, маған сұрақтар қояды. Екінші бала да жақсы тыңдайды, жақсы түсінеді, бірақ көп сөйлемейді. Екі бала бір-біріне ұқсамайды. Балаларға ертегі ұнады. Қазір біз осы ертегі бойынша шығарма жазамыз.

р/н сөйлемдер дұрыс дұрыс емес
1. Ержан Астанада дүниеге келген.
2. Ержанның ата-анасы Астанада жұмыс істейді.
3. Ержанның достары – ақылды, көңілді балалар.
4. Қазір балалар асханада отыр.
5. Ержан ертегі тыңдап отыр.
6. Бірінші бала көп сөйлемейді.
7. Екі бала ертегі бойынша мульфильм көреді.

Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талда. [3]
Сөз табы Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына қарай қосымша
Ержан

ЖАЗЫЛЫМ
1) Сұраққа жауап бер. Жаз. [3]
Қожа қандай бала? (Неге?) [1]

Жанар қандай қыз? (Неге?) [1]

Менің ойымша, ... [1]

Мәтінді қайталап оқы. Тест сұрақтарына жауап бер. [3]
Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер – үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық – қасиетті ұғым. Ол – үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық – бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған.
Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» деп кіргізеді.

1. Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?
А) жақсылыққа үйреткен
Ә) жамандыққа үйреткен
Б) әдепсіздікке үйреткен
В) жалқаулыққа үйреткен
2. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
А) үлкен ұғым
Ә) жақсы ұғым
б) жаман ұғым
В) қасиетті ұғым
3. Табалдырық – ненің шегарасы?
А) үйдің сырты мен ішінің шегарасы
Ә) жамандық пен жақсылықтың шегарасы
Б) алды мен артының шегарасы
В) ақ пен қараның шегарасы
4. Бақыттың белгісі не?
А) уық
Ә) кереге
Б) табалдырық
В) есік
5. Табалдырыққа байланысты тыйым сөзді табыңдар
А) «Үлкендерге сөз қайтарма»
Ә) «Қоғамдық орындарда қатты сөйлеме»
Б) «Табалдырықты баспа!»
В) «Нанды баспа!» ​

👇
Ответ:
demoooon24
demoooon24
08.02.2020

1) Сөйлемдер дұрыс немесе дұрыс емесін анықта:

1. Ержан Астанада дүниеге келген. - Дұрыс емес.

2. Ержанның ата-анасы Астанада жұмыс істейді. - Дұрыс.

3. Ержанның достары – ақылды, көңілді балалар. - Дұрыс.

4. Қазір балалар асханада отыр. - Дұрыс емес.

5. Ержан ертегі тыңдап отыр. - Дұрыс емес.

6. Бірінші бала көп сөйлемейді. - Дұрыс емес.

7. Екі бала ертегі бойынша мульфильм көреді. - Дұрыс емес.

2) Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Ержан: Ер - түбір сөз, жан - туынды сөз.

3) Сұраққа жауап бер. Жаз.

1. Қожа (бірінші бала) - өте жақсы түсінеді, сұрақтар қояды. Ертегі тыңдағанды ұнатады.

2. Жанар (екінші бала) - жақсы тыңдайды, жақсы түсінеді, бірақ көп сөйлемейді. Ертегі тыңдағанды жақсы көреді.

3. Менің ойымша, екі бала да бір-біріне ұқсамайды. Бірақ екеуі де ертегі ұнатады. Әр балаға ертегі ұнайтыны рас, сонымен екі бала осы ертегі туралы шығарма жазуды бастайды.

4) Мәтінді қайталап оқы. Тест сұрақтарына жауап бер.

1. Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?

А) Жақсылыққа үйреткен.

2. Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?

В) Қасиетті ұғым.

3. Табалдырық – ненің шегарасы?

А) Үйдің сырты мен ішінің шегарасы.

4. Бақыттың белгісі не?

Б) Табалдырық.

5. Табалдырыққа байланысты тыйым сөзді табыңдар:

Б) «Табалдырықты баспа!».

4,7(11 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ksenia87109r675
ksenia87109r675
08.02.2020
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды.
мысалы: Жан-жануар,адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі.Бұл сөйлемде жан-жануар,ата-анадай дегендер-қос сөздер.
Есептік сан есім-нақты санды білдіреді.Сұрағы; қанша? неше?
Түбір сан есімнің өзінен болады.Мысалы; бес,он екі,жиырма үш т,б.
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді. 
Сұрағы;нешінші? Сан есімге -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағы арқылы жасалады.
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.Сұрағы нешеу? Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау-еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.Сұрағы:қанша? неше?қай шамалы?
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді .  Мысалы екіден бірекі жарым. Сұрағы: қанша? неше?
4,6(70 оценок)
Ответ:
liliana564
liliana564
08.02.2020

Қазіргі кезде короновирустың кесірінен барлық балалар,студенттер қашықтықтан оқып жатыр.Қашықтықтан оқу" WhatsApp" желісі арқылы өтіп жатыр.Бұның жақсы жəне жаман жақтарыда бар.

Жақсы жақтары:Бұл біздің өмірімізді,денсаулығымызды сақтау үшін керек.Қашықтықтан оқыған қауіпсіз деп табылады.Жəне де Білім Менистрліктегі адамдар бізге қолайлы болу үшін басқа да заңдар шығарып жатыр.

Жаман жақтары: Білімді дұрыс ала алмаймыз. Біз балалар апайлардың түсіндірулерінсіз сабақты ұғына алмаймыз.Бұлай оқудан балалардың білімі төмендейді.

Бірақ қарап тұрсақ бұл біздің өмірімізді жақсарту үшін керек.Егер далаға шықпай,карантинді жақсылап ұстайтын болсақ,онда вирусты да тезірек женеміз.

ДИАЛОГ

Қазақстан көпұлтты мемлекет

-Сəлем,Айша

-Сəлем ,Мария

- Айша мен сеннен бір нəрсе сұрайын деп едім.

-Сұра

- Біз ата -анамызбен бірге Қазақстанға көшіп келдік.Осы біздерден басқа Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері тұра ма?Жəне де олар кімдер?Қанша ұлт өкілдері бар?Сенің басқа ұлт өкілдерінен достарын бар ма?

-Қаншама көп сұрақ.Əрине сендерден басқа ұлт өкілдері тұрады.Мысалы,Қытайлықтар ,Кəрістер,Немістер ,Қырғыздар жəне т.б.Осы Қазақстанда 2009 жылғы санақ бойынша 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.Осыншама ұлт өкілдері тұрған соң əрине достарым бар.Мысалы,сен,Ким Дана Иан...

-Ал сен кəрістердің Қазақстанда қаншасы тұратының білесін бе?

- Ия.Қазақстанда кəрістердің 107 мыңнан астамы өмір сүреді.

-Рақмет Айша.

-Оқасы жоқ Мария.

4,5(75 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ