Объяснение:
Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен әйгілі Қобыландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Төлегеннің Бозжорғасы. Сондай – ақ жазушы Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған Ақан серінің жан серігі, айтулы тұлпар – Құлагердің орны бір бөлек. Ақан серінің «Құлагер» өлеңінен тұлпарыдың ақын өміріндегі орнын ерекше болған.
Әнші ақын, сал сері Ақан жан-жануарға тым жақын болған. Оның Қараторғай атты қыран құсы, Базаралы атты құмай тазысы, Құлагердей сәйгүлігі болған. Бірнеше мәрте аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы күллі жұртқа белгілі болған Құлагер Сағынайдың асында Жүсіптің жандайшаптарының қастандық қылуымен өлтіріледі. Осы бір жасалған қастандық ақынға ауыр соққы болып тиеді. Бәйгені қарап отырып, алда өзге аттың келе жатқанын байқаған ақын, іші бір жамандықты сезеді. Ал Құлагердің өлгенін естігенде есінен адасатындай күй кешеді. Дүбірлі бәйгелерде озып шығып, Ақанның да, елінің де намысын асқақтатып жүрген сәйгүліктен айырылу тек Ақанға ғана емес, дүйім жұртшылыққа да қиын болды. Өлеңнің әрбір шумағы өкінішке, қайғыға толы. Жан серігі асыл тұлпарынан қапияда айырылып қалған Ақан қатты күйзеліске ұшырайды. Себебі нағашысының үйінен кетерде алған бар байлығы осы бір пырағы еді. Ақынның өленіңен адам мен жануар арасындағы достықты көре аламыз.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға бар тілегім өлім берсін, - деген өлең жолдарынан қызғаныштан көкірегінде ашу оты кенеген, қараниет қарақшылардың зұлымдығына айтылған лағынеті тек Ақанның ғана емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады.
Қорыта келе, Ақанның «Құлагер» өлеңінде суреттелген Құлагер бейнесінен оның ақын өмірінде ойып тұрып орын алғанын көре аламыз. Небір ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болған Құлагер - қазақ даласындағы еркіндік пен бостандықтың, тектілік пен табандылықтың, жүйріктік пен сұлулықтың символы деп білемін.
Әр адамның махаббат туралы ойлары әр түрлі. Махаббат деген қандай сезім, ол не десе "Махаббат азбас байлық,тозбас қазына дер едім.Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Махаббатты бастан кешірудің өзі бір бақыт. Ал сезім лаулап жанған алау, жүрек сол алаудың ошағы,сенім алауды лаулатар махаббаттың шырпысы дер едім.Ол жүректің жан жылыуы.
Махаббат деген тек қыз бен жігіттің махаббаты ғана емес. Мысалы:Отанға деген махабат,ата-анаға деген махаббат,рухани махаббат.Рухани махаббат дегеніміз Аллаға деген махаббат.Ол мәңгілік болатың махаббат десем болады.Ал жаратылысқа деген махаббат ол уақытша келген махаббат.Мен өзім Аллаға деген махаббатқа бәрінненде сенемің.
Әрине махаббат шексіз, құдіретті. Оны айтып жеткізу мүмкін емес
Объяснение:
99999999%дұрыс
Лайк басып, тіркеліп,5жұлдыз қоя кет