ответ:
– саламатсыз ба,апай!
– саламатсыңдар ма,? көңіл-күйлерің қалай?
– жақсы.
– ендеше үй тапсырмасына не беріліп еді?
– компьютердің пайдасы мен зияны туралы ауызша дайындалып келу.
– жарайды,онда дайындалуға 5 минут берем.сонан соң сабақ сұраймын.
* * *
– ал кім маған компьютердің пайдасы туралы айтып береді?
– апай,мен айтайыншы!
– қане,айта ғой,бекет.
– компьютер,ең біріншіден,еңбек өнімділігін арттырады.яғни,аз ғана уақыт ішінде сіз іздеген ақпаратыңызды тауып,есеп жүргізіп,кесте сыза аласыз.компьютер арқылы соншама қашықтыққа қарамастан алыстағы қарым-қатынас жасай аласыз.үшіншіден,әрине,уақытыңызды көңілді өткізе аласыз.компьютермен фильмдер көріп,ойын ойнай аласыз.
– өте жақсы.отыра ғой, бекет.барлығың оған қосыласыңдар ма?
– ия!
– ал компьютердің зияны туралы кім сөз қозғағысы келеді?
– мен! мен!
– тынышталамыз,оқушылар! аяулым,сен айтып көрші.
– компьютер денсаулыққа біршама зияндық әкеледі.көп отырсақ,көзіміз белгілі бір қашықтықтан көрмей қалуы әбден мүмкін.дұрыс отырмаудың әсерінен омыртқа тірегі бұзылады.әрі компьютерден радиациялық сәулелер бөлінеді.көп отырсақ тамаққа деген тәбет бұзылады.ұйқы,зейін қою да баяулайды.және компьютерден тәуелді болып қалу мүмкіндігі де жоғары.
– жарайсың,аяулым! қосарларың бар ма?
– және де компьютердің әсерінен ң психикасы да бұзылуы мүмкін.
– дұрыс айтасың,диана.сонымен,егер уақытымен пайдаланып,арасында жаттығу жасап тұрсақ,компьютердің зиянын көрмейміз ғой?
– ия!
– жарайсыңдар.үй тапсырмасына барлығың да дайындалып келіпсіңдер.жаңа сабақ бастайық.
Өмірде әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі атанғысы келеді. Әрқайсысы жанына жақын маман иесі болады. Таңдаған мамандық адамның қиялына қанат бітіріп, оны зор табыстарға жетелейді. Қазіргі қоғамда көптеген мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Мен қалаған сондай мамандықтардың бірі әрі бірегейі - дәрігер болу. Дәрігерлік қай кезде де өз биігінен түскен емес. Адамның өмірін ажалдан арашалап алу - дәрігердің басты мақсаты. Дәрігерлер адамдарға өмір сыйлап, олардың қауіпті ауруларға душар болмауын қамтамасыз етеді. Көпшіліктің зор алғысына бөленеді. Сондықтан, мен медицинаның дамуына сүбелі үлес қосып, қоғамда кеңінен таралған дерттердің алдын алып, халықтың денсаулығының мықты болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, адал қызмет етуді қалаймын. Жанарынан мейірім нұры төгілген ақ халатты абзал жан атану үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен осы мамандықты толықтай меңгеріп, ел халқының әл-ауқатын арттыруды мақсат етемін. Себебі, елдің дамуында оның тұрғындарының денсаулығы аса зор маңызға ие. Болашақта білікті де білімді дәрігер болып, халықтың денсаулығын жақсартып, толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетіп, Отанымның кемел келешегінің өркендеуі үшін өз үлесімді қосамын!