М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
яна200320032003
яна200320032003
12.08.2021 18:31 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің түрін тап. мынау калай

Мәтін міні:Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады.

Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған.

Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған зуәлім мұнара үлкен шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған.

Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Ол жүздеген жылдар бойы түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмаудан сақтандырып тұратын.

Ақырында Александрияны арабтар басып алған соң, қала құлдырап, кеме тоқтайтын жер ми батпаққа айналды. Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербелісі салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған. 1700 жыл бойы тұрған Александрия шамшырағы осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып есептелінді және ол әлемнің жеті кереметінің бірі ретінде тарихтың еншісінде қалды.

көмектесіндерш ​


Мәтіннің түрін тап. мынау калай Мәтін міні:Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ға

👇
Ответ:
Nuruk04
Nuruk04
12.08.2021
Мәтін түрі: сипаттау, пайымдау
4,6(72 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
oleg1836
oleg1836
12.08.2021

Жеңіс күні

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл  адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

4,8(32 оценок)
Ответ:
Сталкер027
Сталкер027
12.08.2021

Менің сүйікті үй жануарым

Менің ойымша, үй жануарын асырау үлкен жауапкершілік пен дайындықты талап етеді. Себебі, жануар деген де тіршілік иесі, ойыншық емес, оған да көңіл бөліп, серуендету керек, тазалығын сақтап, ауырса емдеу керек дегендей. Мен бұл жауапкершілікті толықтай түсініп, дайын боғандықтан ата - анам менің туған күніме көптен күткен арманым, жеті қазынаның бірі саналатын - ит сыйлады. Сыйлығымды көргенде менің қуанышымда шек болмады, себебі жай ит емес, нағыз қазақтың тазысы. Өзіміз жер үйде тұратындықтан, күшігіме де қолайлы болды.

Күшігіме ат қоймас бұрын, көп ойландым, атына заты сай болсын деп. Сонымен біраз уақыт бақылап жүріп, ақырында Саққұлақ деп қоюды шештім, себебі өзі әлі кішкентай күшік болғанымен, елеңдеп, сақ жүреді екен. Екеуміз бірер күннің ішінде – ақ бір – бірімізге бауыр басып, әбден үйренісіп қалдық. Қайда барсам да, мейлі аулада шаруа істеп жүрсем де, кішкене күшігім құйрығын бұлаңдатып соңымнан қалмайды.  Күшігім шамалы өскен соң, оны жттықтырып нағыз тазы қылып өсіремін. Ит адамның досы демекші, менің ең жақын серігім болды. Сабақтан келген соң, ата анама үй шаруасына көмектсіп болған соң міндетті түрде бос уақытымды Саққұлақпен өткізіп, ойнауға асығып тұрамын.

4,6(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ