М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fgoolis58
fgoolis58
04.02.2022 05:24 •  Қазақ тiлi

Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз. І. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы – қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы. Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі aрaб жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі 1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ІІ. Ертең біз жол жүреміз
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
Қамданыңдар. Болашақ деген елге,
Қандай біз сый-сияпат апарамыз.
Қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
Кеселін тигізеді сапарға алда.
He бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда
Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
Жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
...Тірі жетсең, Болашақ өзі айтады,
Қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
(М.Мақатаев)

Салыстыру аспектілері
1-мәтін 2-мәтін
Стилі
Жанры
Мәтін түрі

2-тапсырма. Жазылым тапсырмасындатест жұмысын орындаңыз.
1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз
Ана тілін ұмыту-ата-бабамызды, тарихымызды
А) жою
Ә) қастерлеу
Б) сынау
В) ұмыту
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз
Қазақ тарихында жазу таңбасы қолданылған
А) араб
Ә) парсы
Б) шағатай
В) түрлі
3. Келесі сөздердің аудармасын жазыңыз
Құлпытас, қашау, дәуір, жазба
А) высекать, вглядеться, кровный, век
Ә) надгробный камень, высекать, эпоха, письменный
Б) вникать, эпоха, чернила, письменный
В) копия, надгробный камень, эпоха

4. Берілген сөз орамдарын жалғастырып, жаз.
Сапарың оң ! Сапарың сәтті
А) келсін
Ә) болсын
Б) барсын
В) қайтсын

5. Көшпенділердің рухани, материалдық жәдігерлерін теріп жаз.
А) Би-шешен, мұрагер
Ә) атәбзелдері, ер-тоқым
Б) басқару, қолдау
В) көшпенділер, киіз үй

6 . Мақал-мәтелді жалғастырып жазыңыз,
Шөлмен жүрсең де, жолмен,
Жол көлге, көл елге
А) апарады, кетеді
Ә) кетеді, жүреді
Б) жүр, кет
В) жүр, апарады

👇
Открыть все ответы
Ответ:
shaxrizat1
shaxrizat1
04.02.2022

Объяснение:

Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]

Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.

4,4(37 оценок)
Ответ:

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 319-қосымша

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін "Заттық-тәжірибелік әрекет" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

      Ескерту. Бұйрық 319-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 № 352 (1, 2, 6, 8, 9, 10,(11, 12) сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары үшін 01.09.2017, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар 3-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2018, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар 4-сыныптың және 10-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2019, 11-сыныптың білім алушылары үшін 01.09.2020 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

      2. Оқу бағдарламасы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

      3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін білім алушылардың пән салалары бойынша қолжетімді білім мен икемділіктерді меңгеру үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуға бағыттайды.

      4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

      5. Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.

      6. Қазіргі кезеңде білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және мұғалімнің серіктес, кеңесші ретінде қолдауы болған кезде білім алушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

      7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді күшейту білім беру процесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.

      8. Оқу процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін білім алушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас үлгісіне айналдырады.

      9. Белгілі бір пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін дамытуға бағдарлайды. Осы пәннің оқыту мақсаттарына жету аясында жүзеге асырылатын оқу және тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады

4,6(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ