Қазақстан жерінің көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді. Олар: Астана қаласы — Қазақстан Республикасының елордасы, Алматы және Шымкент қалалары — республикалық маңызы бар қалалар. Жер аумағы бойынша ең үлкен облыс -Қарағанды облысы.
Ал жер аумағы бойынша ең кіші облыс - Солтүстік Қазақстан облысы.
Еліміздің аумағында Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі, сонымен қатар ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Ұзындықтары 500 м асатын өзендер: Нұра, Торғай, Ойыл, Сарысу, Жем, Талас, Үлкен Өзен, Кіші Өзен, Елек, Ырғыз, Сағыз өзені, Шідерті өзені.
АҚ РАУШАН ГҮЛІ-АРМАНЫМ! Кезім жоқ менің сезімім үшін ақталған, Жырларымменен сезімді саған ақтарғам. Арманым болған ақ раушан гүлі даламның, Іздедім сені,іздедім сені бақтардан.
Жетелеп мені биікке қарай тәтті арман, Қоңыр да дауысың жадымда менің жатталған. Арманым болған ақ раушан гүлі даламның, Іздедім сені ататын әрбір ақ таңнан.
Таусылмайды екен арманы сірә,пенденің, Арманды қуып адасып жүрген пендемін. Сен сенер болсаң өзіңнен басқа жандарға, Сырымды ашып сырласуға еш сенбедім.
Қол бұлғап маған бір биік шыңнан,алыстан, Сен бе едің сонда арман боп маған жабысқан. Сен бе едің сонда бір тылсым күш боп кеудемнен, Жыр болып сыртқа шығам деп сірә алысқан.
Жыр болып шықтың кеудемнен, нәзік жүректен, Сен біле білсең,жүрекке нәзік гүл еккем. Мәпелеп келем сол гүлді,нәзік сезімді. Әр көктем сайын бір нәзік сезім үмітпен.
Білмеймін сені, қай жерде жүрсің,кімдермен? Білмеймін неге, қызғанам сені кімдерден? Үмітті үзбей келетін әрбір күндерден, Мен жасап алғам сені ақ раушан гүлдерден.