Әңгіме – қиын жанр. Алдымен оның көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Сюжет желісі де оқырманды баурап алатындай қызықты, тартымды болуы тиіс. Сюжетке ене бастаған беттен-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән еркешелікпен дараланып, сол арқылы әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Ал әңгімедегі басты дараланған кейіпкер – қоғамның өкілі, типтік тұлға болуы керек. Әңгіме – әдемі дүние: жауынгер, ұшқыш, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Әңгіме – шеберлік мектебі. Қысқа мерзімде оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемінде үлкен өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп отыру – ірі шеберлік
ответ:Махамбет Өтемісұлының есімі бізге жақсы таныс. Неге? Себебі, ол - халықтың азаттығын көксеген батыр, күрескер, өр рухты ақын. Махамбет қалың жұртшылықты тек қана от тілді, орақ ауызды сөз шебері ретінде өзіне қаратқан жоқ, сонымен қатар өзінің даналығы мен дарындылығының арқасында даңққа бөленді.Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жерінде дүниеге келді. Жастайынан ақындық өнерге құмартып өскен. Асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген.Махамбет – халық арасындағы келеңсіз құбылыстарды, келелі істерді өлеңіне арқау еткен өр рухты ақын. Оның шындықты бүкпей жырлаған батыл ақын екені бәрімізге белгілі. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдерінде халық зарын сөзбен өрнектеп үстем-тап өкілдерін, шенеуніктердің «дұрыс бағытын» өлеңмен түземекші болды.