1. Өндірістік қалдықтар сұйық және қатты болады.
2. Сарапшылардың пікірі бойынша, қатты
өндіріс қалдықтары 20 млрд тоннадай.
3. Пластмассадан жасалған бұйымдарды көмуге болмайды.
4.Себебі олар шірімейді .
5. Сондықтан пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеу қиын.
6. Қалдықтардың ішінде ең қауіпті– радиоактивті қалдықтар.
7.Радиациялық апат кезінде жарылыс, өрт
болуы мүмкін.
8.Жарылыс болса, төтенше жағдай жарияланады.
9.Осыған орай қауіпсіздік шаралары жүргізіледі.
10.Радиоактивті қалдықтарды дұрыс
сақтамаса, айыппұл салынады.
11.Химиялық қалдықтар флора мен фаунаны, тіршілікті өлтіреді.
Менің сүйікті актерім.
Әр адамның өзіне ұнайтын, әрі әрқашан тамашалаудан шаршамайтын актёр және актрисасы бар.Менің сүйікті актерім - Джим Керри. Джим Керри өте мықты комик,актер.Канадалық актер өз рөлдерін өте шебер орындап шығады. Өте танымал актер. Джим Керри қазіргі уақытта табысы өте жоғары актерлердің қатарында. Жас кезінде болған қиындықтарға қарамастан өз мақсатына қол жеткізді. Ол бойшаң адам, бойының ұзындығы 188 см. 1962 жылы Канада, НьюМаркетте дүниеге келді. Актер қатысқан фильмдер тізімі өте көп. Барлығы да өте қызық. Кейбір қызық фильмдер қатарын атап өтетін болсам :«Маска», «Всегда говори да», «Брюс Всемогущий»,«Лжец, лжец», «Вечное сияние чистого разума»,«Соник в кино», «Шоу Трумана» т.б.«Всегда говори да» фильмі өте қызық, әрі мотивацияға толы. Мен Джим Керри сомдаған барлық рөлдерді білемін. Актер өз рөлін шебер сомдайтыны соншалық, тіпті фильмге кіріп кеткендей боласың. Бір өкініштісі Джим Керри әлі күнге дейін Оскар сыйлығын алмады. Бірақ бұл актер басқа сыйлықтардан құр қалмаған. Мысалға:«ең үздік ер адам рөлі»,MTV ұсынған «ең үздік актерлік рөл», «алтын глобус» т. б марапаттарын жеңіп алған. Актерді бала күнімнен бастап тамашалаймын, әлі күнге дейін фильмдерін көруден жалықпаймын. Бір сөзбен айтқанда өте тамаша актер.