Қазақстан теңіз академиясы 2012 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша теңіздегі мұнайгаз кен алаңдарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнайгаз секторынан тыс Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында құрылды. ҚТА «Теңізшевройл» ЖШС-нің тікелей қолдауымен құрылып, оған Қазақ-Британ техникалық университеті серіктес болды. Қазақстан теңіз академиясының халықаралық серіктестігіне теңіз білімі саласындағы конгломерат – STC Group (Нидерланды) компаниясы шақырылды. «Шеврон Шиппинг» компаниясы кадеттердің халықаралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжрибеден өтуіне кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп, тәжірибе сабақтарын ұйымдастырды. Сондай-ақ академияның алты түлегін тәлімгер ретінде қабылдады. «Теңізшевройл кәсіпорны атынан академия түлектерін оқуды бітіруімен құттықтаймын,- деді ТШО бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер. -Өздерінің бойларындағы мақсаткерліктің, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақстандық маман боласыздар». Академия түлектері қазақстандық және шетелдік кемелерде әлемнің әр түкпірінде жұмыс жасай алатын жоғары білікті мамандар тобын құрайтын болады. Қазіргі уақытта 84 кадет Қазақстан теңіз академиясында білім алуда.
"Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.

Объяснение: