Тоқылдақ ерекше ұзын қашау тәрізді тұмсығы бар шағын және орташа денелі тоқылдақтәріздес құстар отрядына жататын тұқымдас құстардың бірі.Тұмсықта бойлай созылған қырлар мен қатпарлар болады, тілі - ұзын және нығыз, тұмсықтың ұзындығындай алға созылып шығуға бейім, тілінің ұшы үшкір, арнайы сөл шығатындықтан, жабысқақ болып келеді. Тоқылдақтар осы тұмсықтың жәрдемімен қабық тесігі мен жарығына және сүрегіне тереңірек бойлап, бунақденелілерді және олардың дернәсілдерін жапсырып немесе шаншып алады. Жабын қауырсындары - қатқыл, көбінесе ашық түсті. Құйрығы - ұзын, конус пішінді қатқыл. Құс құйрығын таяныш етіп, қысқа және өте имек, өткір тырнақтарымен тік бетке жабысады. Аяқтары - қысқа және күшті екі саусағы - алға, екі саусағы - артқа бағытталған 4 саусағы болады. Орман құсы, отырықшы өмір сүреді, кейде шағын қашықтыққа қоныс аударады. Топ та үйір де түзбейді. Моногамиялы, жұбын көптеген жылдар бойы жиі сақтайды. Қабықта және сүректе тіршілік ететін бунақденелілерді және солардың дернәсілдерін жейді, дегенмен затия бетіндегі азықтарды да шоқиды. Күзде және қыста тұқымдар мен жемістерді жейді. Тоқылдақтар отрядында 207 түрді қамтитын 34-35 туыс бар. Қазақстанда 5 туыстан 8 түр кездеседі.
Объяснение:Узын болса кыскартып жазыныздар
мен осылай жаздым
ответ:Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән
Объяснение: