М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
onpapion
onpapion
25.05.2020 16:42 •  Қазақ тiлi

Текст: Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндерінің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған «Еуразия қыпшақтары: тарих, тіл және жазба ескерткіштері» халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы ғалым Алдан Смайыл мәлім етті: «Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылары білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек? Осының барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдадық. Хаттың негізгі мақсаты – руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз қажет», – деді ол. Ғалым, осы ретте, славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай жылдың болғанын атап өтті. «Славян жазуы күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жай ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына жазуы туралы ештеңе демейміз. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуымыз бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше, грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге  дәріптемейміз деп іштей толғанатынбыз», – деп ой бөлісті түркітанушы. Осыған байланысты ғалымдар таяуда тағы да республика Премьер-министріне сауал жолдаған. Олар сына жазуының, жалпы түркі жазбаларының тарихын мектепте және жоғары оқу орындарында тереңдеп болмаса да, жеткілікті деңгейде оқыту қажеттігін алға тартқан. Ол үшін арнайы ғылыми-әдістемелік бағдарлама әзірлеу керек. «Екіншіден, Қазақстанда жыл сайын сына жазуы күнін атап өтуіміз керек. Осыған тек қана біз емес, түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесі, халықаралық түркі академиясы, түркі тілдес елдердің парламенттік ассамблеясының күшін біріктіре отырып, түркі әлемінде өткізу туралы ұсыныс жасаған едім. Біздің ұсынысымызды мақұлдаған жауап алып отырмыз», – деп сөзін түйіндеді түркітанушы ғалым.

Тапсырма 2
Мәтіннің негізгі айтар ойы неде? Клишеге сүйеніп екі сөйлеммен ой түйіндеңіз. 
Клише:
Менің ойымша негізгі ойы... .   Оған ... дәлел бола алады.

кто знает! ​

👇
Ответ:
vesnakrasna1
vesnakrasna1
25.05.2020

Менің ойымша негізгі ойы көне руна жазуын қайта жарыққа шығару, руна жазуы күнін мемлекеттік деңгейде атап өту. Оған түркітанушы ғалым Алдан Смайылдың айтқан ойы, яғни осы сына жазуы күнін дәріптеп, барынша мереке ретінде атап өтуіміз керек дегені дәлел бола алады.

4,8(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lisacat2000
lisacat2000
25.05.2020
Ақ ниетті, пәк тілекті жалындаған жастар қауымы ұлтымыздың кемел келешегінің иесі екендігін әрдайым есте ұстау керектігін ескертеді. Мағжан келешек жастардың мейірім мен қайырымға бөленген тамаша мінезін, ананың ақ сүтінен нәр алған кір шалмаған таза жүрегін, жеке мүдде мен жалқы пенделіктен аулақ қасиетті тілегін армандайтынын аңғартып өтеді.

«Алаш- айбынды ұраны,

Қасиетті құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!».

Көріп отырғанымыздай, М. Жұмабаев келешек ұрпақты тар өрістіліктен аулақ болып, қазақ халқының, алаш жұртының айшықты азаматы болуға бағдар көрсетеді. Алланың хақ жолынынан адаспай қасиетті құранды қорған етіп имани жолдан адаспауға үндейді. Керек десеңіз, ұлттың ұлы мұраты жолында басын бәйгеге тігіп құрбан болудан да қаймықпауға шақырады.

Хо­чешь мно­го де­нАлдыңғы буынға мұрагер, кейінгі буынға бұйдагер болу ұлт тұтастығының үзілмес арқауы. Алаш ардагерлерінің балдырған жас кездерінде- ақ әлемдік ойшылдармен тең тұрған биік тұлғасы уақыт өткен сайын асқақтай түсетіндігі бізді таңқалдырады.

ХХІ ғасырда өмір сүріп, дамыған өркениеттердің қайнаған ортасында жасап жатқан біз секілді жастар «Бабалар бағындырған биіктің, олар жеткен тереңдіктің қай деңгейінде жүрміз?» деген жауап күткен сауалдардың бізді үнемі мазалайтыны шындық. Күрмеуі көп күрделі қоғамда елдің қамы түгілі өзіміздің жайымызды ойлай алмай жүрген жайымыз бар.

Мағжан жырларын оқып отырып:

Біз қандаймыз?

4,7(38 оценок)
Ответ:
Fkrfi134F
Fkrfi134F
25.05.2020

ответ:Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске боялғандай. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Маған күз мезгілі ұнайды. Айнала қандай тамаша десеңізші!

Ағаштардың сары, қызыл, қоңыр жапырақтары — күздің айрықша белгісі болып келеді. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған.Егіншілер астықтарын жинап алып, қыстың қамына кірісіп те кетті.Осы бір табиғаттың тылсым дүниесіне таң қаласың. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Менің жаныма ең жақын осы бір күз мезгілі. Адам қандай болсын бір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.

Объяснение:5 алатының сөзсіз.

4,8(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ