Спорт туралы диалог.
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.
Омбыдан әкелген карден шыныаяқты шығар сандықтан!- бұйрықты.
Бас қанттың қалғанын түгелімен қоярсың - сұраулы.
Мырзасын қарай гөр- деді біреу мысқылды үнмен. -хабарлы.
Қайран Базекем! Асыл ағаекем! Ардақты арысым!Қош келіпсің еліңе! Келісің құтты болсын! Қадамың құтты болсын, Базеке! - деседі.-хабарлау.
Бірінші сөйлемде кішіпейілділікті мақтап, бізге жеткізіп тұр. Екінші сөйлемде шыныаяқты шығаруды бұйырып тұр. Үшінші сөйлемде қантты түгел қоятынын сұрап тұр. Төртінші сөйлемде біреудің мысқылдағанын хабарлап тұр. Бесінші сөйлемде өзгелердің қуанышын хабарлап тұр.