Жоқ, өлмеймін!
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.
Объяснение:
Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыздысы – кино!” Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге өз өзектілігін жойған жоқ. Жоймақ тұрмақ, бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет әлемді ауызға қаратудың жаңа тәсіліне аяқ басты. Оны мәдени-идеологиялық майдан дер едік. Мұнда жеңіске жеткендер Кеңес Одағы сынды тұлабойы толған қару империяның өзін бір оқ шығармай, мұрттай ұшыра білді. Неге? КСРО-да әр фильм өндірісіне долларға шаққанда 1 миллиондай қаржы жұмсалатын. Ал АҚШ-та сол кездің өзінде әр кинолентаға орта есеппен 20 миллиондай қаржы беріліп жатты. Бір фильмнен алатын сценарист қаламақысы Кеңес Одағында 10 мың долларға әрең жетсе, АҚШ-та сол кездің өзінде ол 500 мың долларға дейін баратын. Нәтижесінде, Америка киносы өткен ғасыр аяғында әлемдік экранды жаулады. Кеңес киносы болса өз көрермендеріне өзі ие бола алмай жатты. Олай дейтініміз, сол кездегі аға-апаларымыз шетел киносы дегенде кинотеатрларға қойдай қаптайтын. Бұл мәдени-идеологиялық майдандағы көрінеу жеңіліс еді. Күні кеше көз алдымызда өткен осынау тарих сабағын бүгін біз әдейі еске алып отырмыз. Ондағы ой мәдени-идеологиялық күрестің ойыншық емес екенін қаперге салу. Бұл бүгінде де солай. Себебі, мәдениет пен өнердің көш басында аудиториясы төрткүл дүниені төріне отырғызған кино-телеэкран тұр. Бұл фактормен санаспаған ел, сөз жоқ, күндердің күнінде осы сала дамыған елдердің ықпалында кетпек. Экран, әсіресе, телеэкран біз жоғарыда айтқан майдандағы бір жойқын қару. Өтпелі кезең мен дағдарыстан енді-енді ес жия бастаған қазақ қауымы бүгінде кино төңірегінде қызыл кеңірдек айтыса бастаса, онысы сол шындықты мойындаудан, сол шетелдік жойқын шабуыл салдарларын сезуден, шошудан болуы мүмкін.