М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sasha7749
Sasha7749
29.09.2022 04:50 •  Қазақ тiлi

Оқылым. Чтение. 1-мәтін 20 тамыз Қалаға көшіп келгелі бір апта болды. Ауылдың тып-тыныш тіршілігіне үйреніп қалған маған қаланың шулы өміріне үйрену қиындау болатын сияқты. Бүгін анаммен киім алуға базарға бардым. Автобуспен 1 сағатқа жуық уақыт жүріп барғанша ішім пысып, зерігіп кеттім. Қаланың адамдары бәріне үлгеру үшін асығып жүретін сияқты көрінді. Биік ғимараттар мен ерсілі-қарсылы жүріп жатқан көліктерден басым айналды. 4 қыркүйек Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты. 10 қыркүйек Сыныбымызбен қаладағы С.Сейфуллин атындағы театрдың қойылымына бардық. Жаңа үлгідегі театрдың ішіне кіргенде, ауызым ашылып қалды. Төбедегі аспашамдарының үлкендігі соншалық, үстіме құлап кететіндей көрінді. Едені жалт-жұлт етіп, тайғанап құлап қалатындай, құрбымның қолынан қысып алдым. Қойылым біткенше, қозғалмастан отырдым. Актерлердің ойнау шеберлігі мен сахнаның безендірілуінен ерекше әсер алдым. Келесі жолы отбасыммен келу керек екен. 2-мәтін Біздің ауыл тамаша! Көз тоймайды қараса... Ағып жатыр өзені, Жағасына өскен көп қамыстар аласа. Әйтеке би атамыздың, Есімімен аталған. Қаздай болып тізіліп, Әдемі үйлер салынған. Мешіт те бар ауылда, Саябақ бар тағы да, Өзге ауылға бара қалсам, Тез қайтамын ауылымды сағына. Тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз. Прочтите два текста и сравните стиль и жанр. Салыстыру аспектілері/ Аспекты сравнения

👇
Открыть все ответы
Ответ:
masha1248
masha1248
29.09.2022
Егер мен мектеп директоры болсам,бəрін өзгетер едім.Біріншіден,мектеп киімін алып тастар едім. Əр балада киім туралы өз көзқарасы болу керек.Екіншіден, мектепте тамақтандыруды өркендетіп, оған жеміс пен көкөніс қосар едім. бассейн салып ,жүзу сабағын қосар едім. Мектеп ауласына көбірек ағаш,гүл отырғызар едім. Жазғы каникулды қысқартып, қысқы каникулды ұзартар едім,себебі,қыста мектепке жету өте қиын.Мен оқуға женілдеу кітап алар едім, өте ауыр портфель денсаулыққа зиян.Ең бастысы-мен үй жұмысын алып тастайтын едім,балалар таза ауада көбірек жүруге уақыт болады.

не благодари
4,5(83 оценок)
Ответ:
nikarh
nikarh
29.09.2022
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
4,4(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ