Кітап - білім бұлағы деп бекер
айтпайды.Қанша адам , ғалымдар кітап
арқылы ізденеді.Кітап болмаса , қазір біз
мектеп дегенді білмейтін де едік.Кітап маса,
біз өз атымызды да , тегімізді де білмейтін
едік.Ең алғашқы әліппе кітап , ол кітап
барлығында болған. Сол арқылы біз әріп
танып , қазіргі таңда көп сөзді , мақалды ,
мәтелді біліп , түсініп отырмыз.Кітап бұл
адамның болашағын жарқын ететін
нәрсе.Адамдардың жұмыс жасап , ақша
тауып жүргенінің басында кітап сөзі жатыр
деп ойлаймын.Егер білімің болмаса, екі
сөздің басын қоса алмасаң, сені ешкім
былайша айтқанда адам құрлы көрмейді.
Сондықтан кітап оқу бұл жақсы.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ,бесік т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.