М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lesa222
Lesa222
19.05.2021 10:42 •  Қазақ тiлi

3. Өлеңнен авторлық көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзі анықтаңыз Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ... бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.

Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,

Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей,

Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,

Ажырасқанды жүреді қайта қосып.

Мен өзім де ән салам түн ауғанша,

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!

Бәйгі берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын,

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

Кім білсін талай күнгі арманым еді,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның

перевод:

Перевод (не дословный, больше смысловой).

Несомненно, будет свадьба у меня,

Я точно не могу сказать в какой день ...

Но ... но ...

Никто не уйдет, не станцевав,

И будет тогда клич такой:

Даже старец не уйдет, не спев песни,

Все вспомнят свои двадцать пять лет,

А бабушки будут тосковать по своей юности.

Буду ставить я пример младшим братьям старших,

А снох задарю цветами.

А моя возлюбленная не сомкнет глаз в этот день,

Переполняясь счастьем и радостью,

Будет мирить тех, кто в ссоре.

Я и сам буду петь до поздней ночи,

Как же я жду этот день.

Получит приз даже побежденный борец,

Если будет видна его искренность (честность).

Дам коня, парню, который готов гнаться за девушкой,

Пылающему сердцу дам огня.

Но в конце концов все накопленное

Я потрачу на самый лучший той (свадьбу).

В этот день, направляйтесь все к нам домой

Имея в виду нескончаемую радость.

От этой свадьбы очень жду,

Чтобы в моем казане не осталась и куска мяса.

Так, я встряхнусь от всей пыли,

Так, я с удовольствием посмеюсь от души.

Кто знает, это моя давняя мечта,

Может, она никогда и не закончится...

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Віка579
Віка579
19.05.2021
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
4,5(1 оценок)
Ответ:
QwertyMia
QwertyMia
19.05.2021

Менің сүйікті Қалам

Менің сүйікті қалам- ол Париж. Бұл қалада әсем ғимараттар , жақсы демалыс орындары көп кездеседі. Осы қалаға мен өз отбасыммен барғым келеді. Бұл менің армандарымның бірі. Парижде тұрғындар әдемі киініп, дәмді тағамдар жасайды. Париждегі ең әдемі ғимарат - ол Эйфель мұнарасы. Бұл металдан жасалған мұнара. Оның биіктігі 324 метр болып табылады. Бұл мұнараны Париждің мақтанышы деп айтсақта болады. Осы мұнараны көруге, Парижде саяхаттауға көп туристтер сонау жерлерден келеді. Осы Париждегі 5 жұлдызды қонақүйде тұрақтау үшін, туристтер 400 доллар адам басына төлеу керек болады. Сонымен қатар 3 жұлдызды қонақүйде тұрақтауға болады, оның бағасы адам басына 96 доллар . Бұл қалада менің ең қатты жақсы көретін мұражайым бар. Бұл мұражайда ерекше көркем суреттер бар. Әр бір суреттің өзіндік тарихы бар.

4,4(83 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ