Бұл ертегіде парсы елі мен қытай аралығындағы алып жерді 400 жыл билеген сасанидтер әулетінен шыққан шахрияр патша мен інісі шахзаманның аға-інілік қарым-қатынасы баяндалады. қарапайым уәзір қызы шахерезаданың шахрияр патшыны бүкіл әйел затына деген кек-ызасынан қайтарып, оған өмірлік сүйікті жар болуы шахерезаданың терең ақылдылығын, биік парасатын танытады. ертегі кез келген қиындық, кедергіні ақылдылықпен, батыл шешімдермен шешуге болатынын көрсетеді. оқиғалар желісі көркем суреттермен безендірілген. кітап бастауыш сынып мұғалімдеріне, жалпы мектеп оқушыларына арналған.
Мәншүк Маметова Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған. 1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.