ответ:ұлы отан соғысы- қанның судай аққан кезеңі.Бұл заманда қаншама қазақ жастары қыршыннан кетті.Қазақ қызын шашынан сүреп, иттей байлап, терең шұңқырларға малдай апарып төгіп тастады. Жасты жас демей, қарияны қария демей ойларына келгенді істеген заман болды бұл. Ол кезде қаншама отбасы тірдей отқа оранып, қарша бораған оқтың астында қалды...
... Жас балалар ата - анасынан айырылды... Бұның өзі оларға берілген ауыр сынақтың броі ғана еді.Одан соң, байғұс-бейбақтар қайда барарын білмей, көздерінен моншақтап тамған жастарды қорек етіп, киерге киім, ішерге тамақ таппай қанша уақыт күйінді десеңші... Бірақ қатал тағдыр оларды бұнымен ғана қинап қойған жоқ. Өзге елге апарып, сол жердің құлы мен күңі етті. Бір үзім нанды жылатып берген айуандардан басқа не күтесің? Менің бір күйінерім, соғыс болса да балаларды аман алып қалуға тырысқанымыз да ғой...
Объяснение:
Бақыт деген не?
Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының иелері саналғанға ұқсайды.
Өмірде мына сұрақтарды өзіңізге қойған боларсыз: "Бақыт деген не?" және "Бақыттың бар мәні неде жатыр?". Ұстап алуға соншалықты құмартатын, иеленгіміз келіп жүрген көзге көрінбейтін елес секілді, бірақ сол уақытында, баянсыз екендігі анық ұғынылатын... Бақыт артынан қуа отырған күннің өзінде өздері үшін бақыттың не болып табылатындығын білмейді. Жай ғана сөз, жай ғана секунд, минуттар мен сағаттар.
Алдағы ең басты мақсат - бақытты болу. Ал шынайы бақыт қуанышы деген не? Қалай бақытты болуға болады? Данышпан мен ғалым біткеннің басы көптеген ғасыр бойына қатып келеді.
Көпшіліктің ұйғарымында, шынайы бақыт деген - өз арман-тілектерінің ақиқат өмірде жүзеге асуы. Ал бұл солай ма?