М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Рад1111111
Рад1111111
24.02.2020 12:57 •  Қазақ тiлi

Қазақстанның жеті кереметі туралы эссе​

👇
Ответ:
elvesTri
elvesTri
24.02.2020

Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті. Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Ал енді сіздің сұрағыңызға қарай Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. 2.Тайқазан. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды. 3.Айша бибі мазары. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ. 4.Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. 5.Алтын адам. 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған. 6.Домбыра. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді. 7. Күлтегін ескерткіші. Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.

Всегда рала обращяйсья

4,6(37 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Куска
Куска
24.02.2020

Асыл әжем.

Әжелеріміз - тәлім-тәрбиенің бастауы, бiзге үлгі-өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше-осы мейiрiмдi әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешiсi әрi ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесi, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.

Мен өзiм бiрінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт-дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата - анам менi атам мен әжемнің рбиесiне еріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесiнiң тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемi ол кiсiлерге көмектесіп тұрамыз. Ал әжем болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп

үйретіп отырады.

Ал әжемнің айтатын ертегілері мүлдем ерекше! Кішкене кезiмнен күнде кешкiсiн "Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде ... деп жаңа ертегісін бастайды. Эжемді ерекше қатты жақсы көремін!

4,7(41 оценок)
Ответ:
anaStasyaplus
anaStasyaplus
24.02.2020

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

4,7(3 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ