
ер азамат – елдің тұтқасын ұстайтын тұлға, отаны мен отбасының қорғаны. осы орайда нағыз жігітте болар қасиеттерді
қиялшылдық
жігіттің бойындағы ең бағаланатын қасиет оның қиялшылдығы. бұл дегеніңіз өз сезімдері мен эмоциясын шығара білу қасиеті боп саналады. бойжеткен жігіттің шын жүректен жасалған күтпеген тосын сыйын ерекше жақсы көреді.
әзілдесе білу
қандай жағдай болмасын қыздың көңілін көтере біліңіз. оның бөтен ойларға берілмеуін қадағалаңыз. мүмкіндігінше жұмсақ әзілдесіп, жүрегіне жол табыңыз.
жақсы әзіл – кез келген келеңсіз жағдайды өз пайдасына шешу жолы. қыздар іш пыстырарлық жігіттерді онша ұната бермейді. егер қызбен бірінші рет жолығатын болсаңыз осыны есте ұстағаныңыз жөн.
сенім
жігіттің өзіне деген сенімділігі қыздың жүрегін жаулап алудың бірінші жолы. жігіттер секілді қыздар да олардың сенімді болғанын қалайды. сенім бар жерде махаббат бар.
берік сенім – ертеңгі махаббаттың, отбасылық өмірдің бастауы. қыздар өзін жігіттің жанында еш қауіпсіз сезінгісі келеді.
адалдық
қалай болғанда да адалдықтан артығы жоқ. қай жігіт, қай қыз өз серігінің адал болғанын қаламасын? ! адалдықтың арғы жағында, ең түбінде шынайы сыйластық, мөлдір сезім жатады. сөзіңізбен емес, оны ісіңізбен дәлелдеңіз.
қызықты әңгіме айта білу
үнемі футбол жайлы, автокөлік жайлы және бітпейтін әзіл әңгімелер қызды жалықтырып жіберуі мүмкін. қызықты тақырыпта әңгіме айта біліңіз.
мысалы: саяхаттар, әйгілі тұлғалар жайлы. әйтсе де, қыздың ыңғайына қарай әңгіме қозғаңыз. ол неге қызығушылық танытады, әңгімеңіз сол жайында болсын.
жомарттық
әңгіме ақша жайында болса оны жұмсау туралы ой қозғаңыз. қаражатты қайырымды істерге, пайдалы нәрсеге жұмсау керектігін айтыңыз. жігіттің жомарттығы - жақсы қасиет.
ер жігіт қашанда өз-өзін асырай білу керек. керек жағдайда орынды іске қаражатты аямай жұмсаса қыздың да сізге деген ойы өзгереді.
әдемі киіне білу
жігіттің сымбатты болуы, оның сәнді киінуі әрқашан бойжеткендердің назарында. сәнді киіну-киінбеу емес, мәселе сіздің қаншалықты ұқыпты киінетініңізде.
жараспайтын киім кию - жігітке жат. жігіттің іші ғана емес, сырты да сымбатты болуы қажет. киген киіміңіздің тазалығына, қонымдылығына және жинақылығына мән беріңіз.
ответ:
герольд бельгер 1934 жылы 28 қазанда саратов облысы, энгельс қаласында туған. неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазады. абай атындағы қазақ педагогика институтын бітірген (1958).
1958–1960 жж. жамбыл облысының байқ совхозындағы орта мектепте мұғалім, 1960–1963 жж. абай атындағы қазпидің аспиранты, 1963–1964 жж. «жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды.
1964 жылдан шығармашылық жұмыста, 1992 жылдан неміс тілінде шығатын «феникс» альманахы бас редакторының орынбасары болған. қазақстан республикасы жоғарғы кеңесінің депутаты болған (1994–1995).
«ауыл шетіндегі үй» (1973), «даладағы шағалалар» (1976), «алты асу» (1977), «тас өткел» (1988, орыс, қазақ, неміс тілдерінде), «бауырластықтың жанды бейнесі» (1981), «созвучие» (1982), «уақытпен бетпебет» (1985, неміс тілінде), «мотивы трех струн» (1986), «гете и абай» (1989), «родство» (1991), «земные избранники» (1995) атты зерттеу еңбектері шыққан.
б.майлин, х.есенжанов, ә.нұрпейісов, ә.кекілбаев, д.досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, а.раймген, э.кончак, н.ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. жиырмадай жинақтың құрастырушысы және жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25тей жинақтары бар.
қазақстан жазушылар одағының б.майлин атындағы сыйлығының иегері (1988), қазақ ксрнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987), президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері (1992), қр президентінің жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес мүшесі. «парасат» орденінің иегері (1994), қазақстандағы пен клуб сыйлығының (1996), «алтын самрұқ» сыйлығының (2007) иегері.
шығармалары: лики слова. эссе. а., «білім», 1996; помни имя свое. мақалалар жиыны. а., «ғылым», 1999; тихие беседы на шумных перекрестках. эссе. а., «арыс», 2001; этюды о переводах, и.жансугурова. а., «ғылым», 2001; след слова. әдеби портреттер. а., «жазушы», 2002; дом скитальца. роман. астана. «аударма», 2003; гармония духа. мақалалар мен эсселер. москва. «рус. книга», 2003; автобиографические эскизы. а., «жібек жолы», 2004; туюксу. роман. а., «даик пресс», 2004; эль. а., «ғылым», 2005; плетенье чепухи. публицистика. а., «ғылым», 2006; мұнартау. әңгімелер. а., «өлке», 2006; властительслово. а., «мка», 2007; разлад. роман. а., «жазушы», 2008; казахские слова. а., 2009.
Неге табиғат құбылыстары бір бірімен тығыз байланысты?