Қазіргі таңда Қазақстан - көпұлтты , дамыған , бейбіт елдердің бірі.Сонымен қатар Қазақстан, басқа елдермен экономикалық тығыз қарым қатынаста. 1991 жылы Тәуелсіздігімізді алғаннан бастап,алғаш құттықтаған Түркия елі де ,басқа елдер де Қазақ елін мойындауда.Ал Қазақстанды мойындатып жүрген - біздің елдің жастары.Өйткені жастар- ел болашағы. Елбасымыз жолдауларын тікелей жастарға арнап тіпті, 2019 жылды Жастар жылы десе, 2020 жыл ерікті жастар жылы деген болатын. Өскелең, жас ұрпақ, жастар- елдің ертеңі.Қазақстанның болашағы -жастардың қолында.Сондықтан елімізді нық тапсыру үшін, жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуіміз керек.
Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын.
Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.
Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.
«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп. Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.
Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.
Мен өскенде дәрігер боламын!
ответ:мәслехат,жазбахат,қонақжай,саяжай,жекежай,өзін-өзі тану,жаратылыстау,дүниетану.
Объяснение: