2-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Әннің шығу тарихы
Бірде Мұқағали, композитор Нұрғиса мен
әйелі Дариға
үшеуі шай ішіп отырады.
Композитор көңілденіп, әйеліне: «Дариға,
домбырамды берші маған!» дейді. Бұл сөз
Мұқағалиға әсер етіп, сол бойда әсем өлең
шығарады.
Әнін Нұрғиса жазады. Сөйтіп, тамаша ән
дүниеге келеді.
Тірек сөздер: композитор, домбыра, әсем өлең, тамаша ән, жазады.
Үлгі: Ауыл шетінен күмбірлеген домбыраның үні естіледі.
Қазақ халқы - бастауыш
уақыттың - анықтауыш
басым көпшілігін- толықтауыш
ат үстінде - пысықтауыш
өткізгендіктен-баяндауыш,
ердің - анықтауыш
жасалу түрлеріне - толықтауыш
көп - пысықтауыш
мән берген - баяндауыш.
Ерді қайың ағаштан жасап, тұзды суға қайнатып, иленген түйе терісімен қаптайды.
Ерді - толықтауыш
қайың - анықтауыш
ағаштан - толықтауыш
жасап - баяндауыш,
тұзды - анықтауыш
суға - толықтауыш
қайнатып - баяндауыш,
иленген - анықтауыш
түйе терісімен - толықтауыш
қаптайды-баяндауыш.