Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.