уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір мезетте болмайтындығымен тікелей байланысты» деп альберт эйнштейн айтып кеткен. уақытты әр денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне, қызметіне байланысты әр түрлі өткізеді және әрқалай қабылдайды. есейген сайын, уақыты зымырап өтіп жатқандай көрінеді. уақыт жайбарақат күйде болғанда тез өтіп жатқандай болғанымен, асыққанда өте , ал кей кезде бір нәрседен қорыққанда немесе бір нәрсені күткенде уақыт өтпей қояды, тоқтап қалғандай сезінесің. отырыста, жұмыста жаныңда көңілді болып, олармен сөйлесіп отырсаң, уақытың сәтті әрі тез өтетін секілді, ал мағынасыз көп сөйлейтін уақытың жәй өтетінін байқайсыз. осы кезге дейін уақытқа ғылымда анықтама берілмегенмен, уақытты үнемді пайдаланатын ң өзі секілді. француз зерттеушісі мишель сифр 1960 жылы тәжірибе жасайды. ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. яғни, уақыттың ақырын немесе өтуі тек өзіңізге байланысты. әрдайым жаныңызға жақсы жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз деген қорытындыға келеді.
бүгінгі технологияның көптігі – уақытты дұрыс пайдалануға кедергі келтіруде. әйтпесе, бұрынғы 24 сағат уақытпен қазір де өмір сүрудеміз. уақытты жоғалтпас үшін әрбір күнін жоспарлағаны дұрыс. қарап тұрсаңыз, бүгінгі заманымыз өткен ғасырмен салыстырғанда айтарлықтай жеңілдеді. кезекке тұрмай-ақ, терминал арқылы коммуналдық төлем жасаймыз, ғаламтор арқылы сауда жасауға мүмкіндік туды. техника жоқ кезде қажет дүниенің бәріне өз аяғымызбен бардық қой. бір жерге бірнеше рет баратынбыз. бірақ, сол кезде уақыт жеткілікті еді. қазір көп уақытымызды осы компьютер, ғаламторға жіберіп . ң техникаға тәуелділігі артып барады. ғаламторға телміріп көп уақыт өткізіп шаршайсың. содан соң қ-психологиялық тұрғыдан шаршап, көп уақыт бойы өзіне-өзі келе алмай да жүреді. бірақ, өкінішке орай, бұл уақытты олар бос уақыт деп есептемейді.
Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. [1] Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды